Қарабақ соғысы: «Досымның әке-шешесі өлді, үш баласы өздері қалды»


Әзербайжан астанасында жүрген әріптестеріміз сол жердегі жергілікті modern.az медиатобының кеңсесінде болды.
Құрамында екі сайт пен бір телеарна бар бұл құрылым соғыс басталған 27 қыркүйектен бері 24 сағат бойы үздіксіз хабар таратқан.
Мен бірінші Қарабақ соғысының ардагерімін. Ол соғыстан нәтиже шықпаған. Ал, мынау соғыста бізді Құдай қолдады, жеңдік. Әзірбайжан әскерінің аяғын сүюге әзірмін. Олар қан кешіп жүргенде біз ұйықтап жатсақ несі әділет? – дейді modern.az директоры Елшат Эйвазлы.Құрамында Алмас Алтай, Самат Нұртаза, Қуаныш Еділхан қатарлы журналистер мен қоғам белсенділері бар бір топ жерлесіміз Шамахы қаласының әкімі Тагир Маммадовпен кездесті.Тагир Маммадов – Бакуға 120 шақырым жердегі Шамахы қаласының әкімі. Қарабақтың тумасы, армян басқыншылары қуып шыққан мыңдаған босқынның бірі.
Қарабақта жалпы 7 аудан бар. Армения мен Әзербайжан арасы осы жеті ауданға бола жыртылды. Шын мәнісінде Таулы Қарабақ түгелдей Әзербайжанға қарасты. Бұл БҰҰ-ның бекіткен қарары. Ал Армения «күштінің арты диірмен тартады» деп зорлық жасағысы келді.
Баку көшелерінде туға деген құрмет ерекше. Үйлердің балкондарында, машиналардың артында немесе жалауша қадап алған көліктер, баннерлер, тіпті екі көшенің ортасына көлденең керіп қойған транспаранттар жеткілікті. Осындайды көргенде еріксіз өз еліңмен салыстырады екенсің. Оны айтудың өзі ұят. Әлгі балконына ту іліп, сол үшін айыппұл төлеген азаматымызға үкімет айыппұлын қайтарып кешірім сұрағаны дұрыс шығар – дейді Қуаныш Еділхан.
Әріптестеріміздің Әзербайжандағы сапары жайлы өздері елге оралған соң да толығырақ мәлімет беретін боламыз.Нәджаф Шикаров - Әзірбайжан әскерінің капитаны, Шуша қаласы алынарда ерлікпен қаза тапқан боздақ. «Оғы бітіп қалыпты, құлынымның... Әскер бетпе-бет келіп, әр метр жер үшін қидаласқан қойын-қолтық ұрыс басталған көрінеді. Сол жерде жан беріпті. Үш жерден оқ тиген, пышақтың да жарақаты бар... 85 жылы туған еді, күні кеше секілді еді. Екі қызы қалды артында... Баладан айырылуды Алла ешкімнің басына бермесін. Бірақ, менің дәтіме қуат - Ұлым Әзірбайжанның жерін қорғап өлді. Абыроймен өлді. Жігітше өлді. Құдай біледі анығын, менің ойымша Нәджаф өлер сәтте титтей де өкінген жоқ!!!" Гәнжәдағы қираған үйдің үйіндісі жанындағы сезімдерден де терең еді кеше кешкен сезімдер – дейді Алмас Алтай.