Пермь университетінде атыс жасаған адам ұсталды

20.09.2021 Әлем
5
Пермь университетінде студент атыс жасап, бірнеше адам қаза болды. Ресей тергеу комитеті таратқан соңғы мәліметтерге сүйенсек, қаза тапқандар саны 8 адамға жеткен. Бүгін Пермь университетіне қаруланып келген студент оқытушылар мен студенттерге оқ жаудырды.

Оқушылар мен мұғалімдердің кейбірі, алдын ала мәліметтер бойынша, ғимараттан шығып үлгерген, ал қалғандары сыныптарда жасырынып қалған. Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан шабуылдаушы университеттің адамдары мен терезелеріне бей-берекет оқ атып жатқанын көруге болады.