Назарбаев жоғарғы сот төрағасын қабылдады
20.11.2019
Әлем
6
фото: elbasy.kz
Экс-президент, елбасы, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаев жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады.
Кездесуде заң үстемдігін қамтамасыз ету және халықтың сотқа деген сенімін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырудың маңыздылығы сөз болған.
-"Жасалып жатқан жұмыстың бағыты дұрыс. Бүгінгі таңда судьялар алдында күрделі міндеттер тұр. Халық әділдік іздеп сотқа жүгінеді. Ең бастысы – сот әділдігін қамтамасыз ету. Барлығы заң аясында болуы шарт" деген Н.Назарбаев.