Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты (видео)

19.03.2020 Әлем
4
11 жыл түрмеде отырған Мұхтар Жәкішев 19 наурызда Семейдегі абақтыдан бостандыққа шықты. Оны ондаған адам қарсы алды. Жәкішев көліктен түсіп, жиналған азаматтарға алғыс айтты. https://www.facebook.com/RadioAzattyq/videos/1110990722591935/ 3 наурызда Семей қалалық соты Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен ерте босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырған. Сот шешіміне сәйкес, дегенмен Мұхтар Жәкішев "пробациялық бақылауға алынып, жаза мерзімі толық аяқталмайынша Қазақстан аумағынан шығарылмайды".