Минскіде екі үлкен митинг өтеді
16.08.2020
Әлем
5
Бүгін Белорусь астанасы - Минскіде екі үлкен митинг өтпек. Бірі - Лукашенконы қолдауға арналса, екіншісі - халықтық "Бостандық" маршы. Жергілікті БАҚ- тың жазуынша, екі митингіде елдегі ең үлкен митингі болмақ.
Лукашенконы қолдауға елдің түкпір-түкпірінен автобустармен бюджет қызметкерлерін тасып, Минскіге әкеліп жатқаны туралы хабар тарауда.
Халықтық "Бостандық" маршына шығатындар президенттің орнынан кетуін, саяси тұтқындардың босатылуын талап етпек.
9 тамызда болған президент сайлауынан кейін Белорусьте басталған қарсылық акциялары әлі жалғасып жатыр.