Ішкі Істер министрі: Тұрмыстық зорлық-зомбылық 25% өсті

09.06.2020 Әлем
5
Бүгін Ішкі Істер  Министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халыққа есебі өтті. Онда ол Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық 25% өскенін мәлімдеді. Оның ішінде 10 адамның екеуі ғана полицияға хабарласады екен. 58 өз-өзіне қол жұмсау, 137 өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттену тіркелді. Оның себебі көбінесе отбасындағы жанжал екен. Жыл сайын 2000 балаға қатысты қылмыс тіркеледі екен. Олардың үштен бірі жыныстық қолсұғу, бұл қылмыстардың 70% жақындары тарапынан болады екен. Соңғы кезде интернет алаяқтық та 4200-ге өскен екен. Жалпы қылмыс саны 38% азайға оның ішінде ағзаға ауыр жарақат келтіру - 9% , қарақшылық - 56%, тонау - 53%, ұрлық - 50%, бұзақылық - 45%