Лукашенко Тоқаевқа "өкпесін" айтты

21.05.2021 Әлем
5
Беларуссия Президенті Александр Лукашенко ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшыларымен жеке кездесу өткізе алмайтынына өкініш білдірді. Және "Қазақстан бұрын қонақжай болатын" деген ренішін жасырған жоқ. “Құрметті отырысқа қатысушылар, сіздерді көргеніме қуаныштымын. Көптен бері бір-бірімізді көре алмай жүрміз. Қазақстан бұрын қонақжай болатын, қонаққа шақыратын. Бірақ қазір оқшауланып, вакцинамыз жақсы, вакцинациялау жақсы жүргізіп жатыр деп айтып жатырмыз. Бірақ әлі кездесе алмадық”, – дейді Лукашенко. Қазақстан президенті бұл мәлімдемені жауапсыз қалдырмады. “Мен біздің қонақжайлығымызға күмән келтірмеулеріңізді сұраймын. Кеңесті онлайн өткізу туралы шешім консенсусомда қабылданды. Барлығыңыз бұл шешіммен келістіңіздер. Біз ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшыларының денсаулығына алаңдағандықтан, жиынды онлайн түрде өткізіп отырмыз. Жағдайға жеңіл қарауға болмайды. Өйткені пандемия әлі біткен жоқ”, – дейді Тоқаев.