Иран мен Украинада қаралы күн жарияланды

09.01.2020 Әлем
6
Ирандағы Тегеран халықаралық әуежайының маңында украиналық лайнердің әуе апатына ұшырауына байланысты 9 қаңтарды Украина үкіметі президент В. Зеленскийдің қаулысымен жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Ал Иран үкіметі 9 қаңтарда екі жағдайға байланысты - Boeing 737 ұшағының апатқа ұшырауы және генерал Касем Сулейманиді жерлеу кезінде адамдардың тапталып қаза болуына байланысты аза тұту күні деп жариялағанын Иран үкіметінің өкілі Әли Рабий Twitter арқылы хабарлады.  8 қаңтар күні Украина "МАУ" компаниясының жолаушылар ұшағы Tasnim Тегеран әуежайының маңында апатқа ұшыраған. Ұшақ бортында экипаждың 9 мүшесі және 168 жолаушы болған. Ұшақта болған еш бір адам тірі қалмады.