Елде жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыру жазасы енгізіледі

20.11.2019 Әлем
7
Мәжілісте ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов "Қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша ҚР кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының нормаларын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі. - Біз мас күйінде көлік жүргізу жауапкершілігін күшейтуді ұсынамыз. Қазір адам қаққан жүрігізуші мас, не мас емес екеніне қарамастан 5 жылға бас бостандығынан айырылады. Ал енді мас күйде адам қаққандарды жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыру, сондай-ақ 10 жылға бас бостандығынан айыру жоспарлануда, - деді ол. Мас күйде ауыр салдары жоқ жол-көлік апатын жасаған жүргізушілер үшін де қамауға алу мерзімі ұзартылады. - Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске сәйкес, мас күйде көлік жүргізу үшін қамауға алу мерзімі 30 тәулікке дейін ұзартылады, ал көлік жүргізу құқынан айыру 8 жылға дейін созылады. Көлік рөлінде мас күйінде ұсталғандар мен мас күйде жол-көлік апатын жасағандар – 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады, ал осы қылмысты қайталағандар мен ауыр қылмыс жасағандар – өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылады, - деп нақтылады Ахметжанов.