Дональд Трамп: Ауғанстандағы соғыс КСРО-ның құлауына әкелді
06.01.2019
Әлем
10
АҚШ трезиденті Дональд Трамп Совет Үкіметінің құлауын Совет әскерінің Ауғанстандағы соғысқа қатысуымен байланыстырды, деп хабарлайды arasha.kz Ауғанстанның телеграф агенттігіне (АфТАГ) сілтеме жасап.
АҚШ президентінің сөзінше, КСРО-ның Ауғанстанға басып кіруінің бірден бір себебі, Одаққа террористер тудыратын қауіптің алдын алу мақсаты. Бірақ Д. Трамптың пікірінше, бұл соғыс КСРО-ны әлсіретіп, оның құлауына алып келді.
"Олар [КСРО] дұрыс істеді. Бірақ мәселе мынада, ол үлкен шайқас болатын және соның салдарынан олар [КСРО] тақырға отырды. Совет Үкіметінен айырмашылығы, олар Ресей деп атала бастады", - деп жазады ТАСС Трамптың сөзін келтіріп.
Сонымен қатар, Дональд Трамптың айтуынша, АҚШ Ауғанстанға "миллиардтаған және миллиардтаған долларларды құртып жатыр". Оның сөзінше бұл елде Ауғанстанның көршілері - Пәкістан, Ресей мен Үндістан соғысуы керек. Сонымен қатар мемлекет басшысы "Америкадан 6 мың миль қашықтықтағы" АҚШ әскерінің Ауғанстанда барына күмән келтірді.