Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев ұсталды

21.10.2023 Әлем
5
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  бұрынғы әділет министрі ұсталғанын хабарлады. "Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады. Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді", - делінген агенттік хабарламасында. ҚазТАГ дереккөзге сүйене отырып, бұл Марат Бекетаев екенін жазды. Марат Бекетаев  2016-2022 жылдары әділет министрлігін басқарды. Ол Қанды Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен босатылған еді.