Беташар жасаған Тараз тұрғыны бес күнге қамалды (видео)
28.03.2020
Әлем
8
фото: видеодан алынған скриншот
Тараз қаласының 30 жастағы тұрғыны үй жағдайында беташар рәсімін өткізгені үшін жауапкершілікке тартылды. Ол бес тәулікке қамаққа алынған. Бұл туралы Polisia.kz жазады.
https://youtu.be/GqrRxA0dY6w
Тараз қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің басшысы С.Мамытбековтың айтуынша, бет ашу рәсімін жасаған асабамен полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, төтенше жағдай кезінде мұндай шараларға жол берілмеуі керектігі туралы ескерткен.