Бекболат Тілеухан әйелдер маршын цирк деп атап, тыйым салуды сұрады
31.03.2021
Әлем
5
Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан 8 наурызда Алматыда өткен әйелдер маршын цирк, маразм деп атады.
"Қыздар әйелдер құқығын жақтаймыз деп айқайлады. Ал негізінде олар өз құқықтарын қорғап сөйлеген жоқ, сандырақтады. Олардың маршының басты мақсаты - қазақтың тірегін шайқалту сынды әсер қалдырады. Қазақта "қызға қырық үйден тыйым" деген сөз бар, ал олар "менің өмірім - менің құқығым дейді. Мені дұрыс түсініңіздер, бұл дұрыс емес" деді депутат сәрсенбідегі мәжілістің отырысында.
Сондай-ақ депутат қазақтың ата-бабасы бір жынысты некеге және жыныс ауыстыруды қолдамағанын айтып, Қазақстан аумағында әйелдер маршы сынды теріс пиғылды насихатқа тыйым салуға шақрыды.
Алматыда 8 наурызда әйелдер маршы өтіп, оған қатысушылар әйелдер құқығының қорғалуын, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейтуді талап еткен еді.