Ауғанстан тәліптер қолында
16.08.2021
Әлем
5
Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Facebook әлеуметтік желісінде қантөгісті болдырмау үшін елден кеткенін мәлімдеді.
Ашраф Ғани егер ол Ауғанстанды тастап кетпесе, тәліптер Кабулға шабуыл жасайтынын айтады. Бұл бейбіт тұрғындардың қан төгуіне соқтыратын еді. Мемлекет басшысының айтуынша, тәліптер қылыш пен қару -жарақ шайқасында жеңіске жетті және енді өз отандастарының намысы мен байлығын қорғауға толық жауапкершілікті алады.
- "Бірақ олар жүректерді жаулай алмайды. Себебі заңды түрде билікке келмеді. Тарихта бұрын-соңды ешкімге заңдылықты берген бір билік болған емес. Оларға да бермес", – деп жазды Ғани.