АҚШ Ресей мұнайының импортына тыйым салды

09.03.2022 Әлем
5
АҚШ Ресейдің мұнай, көмір, сұйытылған газ импортына бүгін тыйым салды. Бұл туралы АҚШ президенті Байден мәлімдеді. Англия да жыл соңына дейін Ресей мұнайына тыйым салатынын хабарлады. Қазақстан мұнайы экспортының 90% Ресей арқылы өтеді. Біздің ел экономикасының негізгі кіріс көзі - мұнай саудасы. АҚШ-тың Ресей мұнайы импортына тыйым салуы Қазақстанға да әсер етеді. Бұған дейін Ресей санкция салған елдердің көшін бастаған еді.