АҚШ COVID-19 құрбандарын бес күн аза тұтады
23.02.2021
Әлем
4
АҚШ президенті Джо Байден коронавирус дертінің құрбандарына бес күндік аза тұту күнін жариялады. Америкада COVID-19 құрбандарының саны 500 мыңнан асты.
Қауіпті дертті жұқтырғандар саны бойынша АҚШ әлем елдері арасында көш бастаған.
Президент Байден мен вице-президент Харрис дүйсенбіге қараған түні вирустың салдарынан қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Джо Байден марқұмдарды аза тұтып, мемлекеттік туды бес күнге түсіруге шақырды. Ақүйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің мәліметінше, АҚШ басшысы алдағы 5 күнде федералды және әскери нысандарда мемлекеттік ту түсірілген күйі тұруын тапсырды. Джонс Хопкинс Университетінің хабарлауынша, АҚШ-та 500 071 науқас коронавирустан қаза болған, осылайша әлемде көш бастап тұр: COVID-19-дан болған өлім-жітім санының 19 пайызға жуығы Америка құрама Штаттарына тиесілі. АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 28 миллионнан асады.