Америкаға "Sputnik V" мен QazVac вакцинасын алған қазақстандықтар кіре алмайды

04.11.2021 Әлем
5

АҚШ қазақстандықтардың ел аумағына кіру ережесін өзгертті. 

Енді Америка аумағына белгілі бір вакциналарды алған қазақстандықтар ғана кіре алады. АҚШ рұқсат берген вакциналарға – Pfizer, Moderna, Johnson & Johnson, AstraZeneca, Covishield, Sinopharm және Sinovac. Ресейлік "Sputnik V" мен қазақстандық QazVac тізімде жоқ. Жаңа талаптар 18 жасқа толмаған балаларға, екпеге қарсы көрсетілімдері бар адамдарға, сондай-ақ дипломатиялық, қызметтік және транзиттік санаттағы визасы бар мемлекеттік қызметшілерге немесе олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылмайды.