Алматы облысында қаңтар оқиғасына қатысы бар 11 адам ұсталды

05.04.2022 Әлем
21
Алматы облысының полициясы ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, қаңтар оқиғасын ұйымдастырған және қатысқан деген күдікпен 11 адам ұстаған. Бұл туралы ІІМ хабарлайды. Хабарламада ұсталғандардан қару, оқ-дәрі, арнайы құралдар табылғаны, ал бұл заттар бұрын күштік құрылым қызметкерлерінен алынғаны айтылады. https://youtu.be/2AyB3ZQxXxg Күдіктілер облыстың әр ауданынан ұсталған. Олардың жасы 20-39 жас аралығында. Күдіктілердің қаңтар оқиғасына қатысқаны, облыс әкімдігі мен қалалық полиция басқармасын басып алуға әрекеттері және әскер мен күштік құрылым қызметкерлеріне күш көрсетуі видеотіркеуден нақтыланған.