АЭС құрылысы. Қазақстанға Ресей ұсынған мүмкіндік басқа елде жоқ - сарапшы

02.10.2023 Әлем
6
Энергетика бойынша сарапшы Борис Марцинкевич АЭС салуға қатысты ойын айтты.

Ол Қазақстан АЭС салуға толық мүмкіндігі бар деген пікірде.

Дүниежүзіндегі уран өндірісінің 45 пайызын Қазақстан өндіреді. Өте жоғары сапалы уран түйіршіктерін шығаратын Үлбі зауыты бар. Ал Қазақстан бұған дайын емес деп айту мүмкін емес. Елде үш зерттеу реакторы бар, мектеп бар деген сөз. Оның үстіне ядролық физика институты бар. Яғни мемлекеттік реттеуші қалыптастыру туралы айтатын болсақ, Қазақстанда атом электр станцияларының қауіпсіздігіне қатысты мәселені қолға алатын адам міндетті түрде табылады, әрине, референдум оң нәтиже берсе. Менің ойымша, Қазақстанның өз ядролық энергиясы бар мемлекеттер клубына кіруі үшін барлық алғышарттар бар. Қоғамдық көңіл-күйді есептемегенде, - дейді ресейлік сарапшы.

Қазақстан атом электр стансасын салу бойынша референдум өткізуге дайындалып жатыр, алайда уақыты әлі жарияланған жоқ.

Arasha.kz

ФОТО: tvbrics.com