Жеті жемқор. Парақор полицейлер

29.06.2023 Аймақтар
5
Алматы қаласы мен облысының патрульдік полиция инспекторлары пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Антикор хабарлады. Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша патрульдік полицияның 7 қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жетісу өңірінің білім саласындағы жемқорлық жайлы хабарлаған болатынбыз.

Arasha.kz

ФОТО: halyq-uni.kz