Шахтинскте тағы да шахта өртенді

17.08.2023 Аймақтар
7
Шахтинскідегі «Қазақстан» шахтасында өрт шығып, әзірге 227 адамның жартысынан азы шығарылды.

Өрт таңғы сағат 10.05-те басталған.

Д6 көмір еңісін (горизонт – 170 м) игеру кезінде конвейер лентасы өртенді. Қазір апатты жою жұмыстары жүріліп жатыр. Шахта желдетілген (ауа беру кері күйге ауыстырылған). Оқиға орнына РТСШ «ПВАСС» үш бөлімшесі (15 қызметкер және 5 техника) және ТЖД (8 қызметкер және екі техника) келді. Шахтада барлығы 227 адам болған, адамдар шахтадан қапталдағы оқпан арқылы жер бетіне шығарылып жатыр. Қазірдің өзінде 65 адам шығарылды (12.23-тегі жағдай бойынша 101 адам шығарылған – дереккөзі), - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, оқиға болған жерге ПВАСС және ТЖД-ның қосымша күштері де жіберілді.

Arasha.kz

ФОТО: 365info.kz