Шахтадағы өртке Миттал кінәлі – министрлік
18.09.2023
Аймақтар
8
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында болған өртке 100 пайыз жұмыс беруші кінәлі екенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 17 тамыз күні таңертең Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға (АМТ) қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенген болатын. Бұл кезде шахтада 227 адам болған. 13 адам медициналық көмекке жүгінді, оның алтауы ауруханаға жатқызылды. Өрт салдарынан 5 адам көз жұмды.Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жұмыс берушінің 100% кінәсі анықталып, заңды бұзған 28 жауапты тұлға анықталды, - деді Шәріпханов брифингте.
Arasha.kz
ФОТО: inkaraganda.kz