Қарин: Ауыл әкімін сайлау - елдің саяси өмірінде қалыпты құбылысқа айналды

15.08.2023 Аймақтар
7
Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Сондай-ақ ол сайланған әкімдердің жартысынан астамы (57,4%) бұрын мұндай қызмет атқармағанын атап өтті.

Бұл ауыл әкімдерінің корпусы айтарлықтай жаңарды деген сөз. Бұдан бөлек жергілікті әкімдердің құрамы да біршама «жасарды». Бүгінде сайланған әкімдердің орташа жасы 45 жасты құрайды. Алдағы жексенбіде, 20 тамыз күні 3 облыстағы 21 ауыл әкімінің сайлауы өтеді. 2023 жылдың соңына дейін барлығы 199 елді мекенде жаңадан әкімдер сайланады. Солайша, ауыл әкімдерін сайлау еліміздің саяси өмірінде қалыпты құбылысқа айналды - дейді Мемлекеттік кеңесші.

Arasha.kz

ФОТО: qazaly.kz