Әкімдік ақпаратты жасырмақ болған. Бір үйдің 4 баласы тірідей жанып кетті
26.10.2023
Аймақтар
6
Аягөзде газ балоны жарылып, бір үйден 4 бүлдіршін көз жұмды. Баланың үлкені 8 жаста, кішісі енді тәй-тәй басқан.
Мұндай ақпаратты белгілі журналист Гүлмира Әбіқай жариялады.
Ананың декреттік уақытын балаға көңіл бөлу орнына нан табуға жүгіртіп қойған қу жоқшылық-ай.
Барша оқырманым атынан Аякөз жұртына, қайғы жамылған ата-анаға көңіл айтамын. Трагедия тура 25 қазан, Республика күні таң атпай болды. Бірақ, мұны Аягөз Ауданының Әкімдігі неліктен жасыруға тырысқаны түсініксіз? 4 баланың өлімі жайлы жазған жергілікті блогерлерді қудалап, жазбасын өшіртуін қалай түсінеміз? Бәлкім енді бұл отбасына табиғи газбен жылитын үй берілетін шығар? Бірақ, 4 періштенің әке-шешесін ешкім және ештеңе жылыта да, жұбата да алмайды-ау?! 4 періштенің жаназасы 26/10/23, Аягөз орталық мешітінде өтеді - деп жазды журналист.Arasha.kz
ФОТО: дереккөз