Ерейментау әкімдігі 714 мың теңгеге смартфон сатып алмақ болған
16.10.2023
Аймақтар
6
Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімдігі интернеттегі наразылықтан кейін 714 мың теңгеге смартфон сатып алудан бас тартты.
Тапсырыс 9 қазан мен 16 қазан аралығында берілген. Айта кетейік, бұған дейін әкімдіктің бір смартфон сатып алуға 714 мыңнан астам бюджет қаражатын жұмсау жоспары желі қолданушыларының наразылығын тудырған болатын.Тапсырыс беруші – «Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; аты – ұялы телефон; қосымша сипаттама – ұялы телефон (смартфон) (жеткізушілердің назарына: техникалық шарттармен мұқият танысуыңызды сұраймыз); бірлік бағасы – Т714 285,72; саны – бір; лоттың мәртебесі жойылды, - делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында.
Arasha.kz
ФОТО: mapio.net