Алматының кейбір бөлігі жарықсыз қалды

09.02.2024 Аймақтар
5

Алматының Алмалы ауданында 2024 жылдың 9 ақпанында сағат 12:20 шамасында электр қуаты жартылай сөндірілді.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ Алмалы ауданының қай бөлігі жарықсыз қалғанын түсініктеме берді.

"Алмалы ауданы: Гоголь к-сі – Амангелді к-сі – Абай даңғылы – Байтұрсынов к-сі бойынша жарықтың өшу себебі анықталуда", - делінген хабарламада.

Компания күтілетін қосу уақыты екі сағатты құрайтынын атап өтті.

"АЖК" АҚ мәліметінше, келесілер жарықсыз қалды:

- бес бағдаршам,

- 123 заңды тұлға,

 -1993 адам.

2023 жылдың 25 қарашасында кешкі уақытта Алматының Алмалы ауданында жарық өшіп қалды. Бұдан кейін «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ нақтылағандай, сағат 20:16-да РЭС-2 апатты түрде тоқтатылды.