Алматыда иесіз жануарларға арналған жедел ветеринарлық көмек іске қосылды

20.02.2025 Аймақтар
5

Алматыда иесіз және бұралқы жануарларға арналған жедел ветеринарлық көмек қызметі жұмысын бастады. Жаңа бастама төтенше жағдайға жедел әрекет етуге және зардап шеккен жануарларды клиникаларға жеткізуге бағытталған.

• Барлық қажетті жабдықпен қамтылған екі арнаулы бригада құрылды.

• Тасымалдау үшін торлар, зембілдер және медициналық құралдармен жабдықталған жүк көліктері пайдаланылады.

Жедел ветеринарлық көмекті мына жағдайда шақыру қажет:

- Ауыр жарақаттар: жол апаты, құлау.

- Улану.

- Қауып алу: инфекция мен асқыну қаупі.

- Жедел жағдайлар: коллапс, жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігі, тыныс алу проблемасы.