30 жылда 1,7 млн тонна улы газ шығарған. «Теңізшевройл» халыққа өтемақы төлесін
31.08.2023
Аймақтар
6
Ресми мәліметтерге қарағанда 1993 жылдан бері «Теңізшевройл» кәсіпорны Атырау облысының атмосфералық бассейніне 1,7 миллион тоннадан астам улы газ шығарған.
Бұл туралы қоғам белсендісі Арман Хайруллин жазды.
Бұл облыстың әр тұрғынына шаққанда 2400 келіден астам зиянды қалдық тастады деген сөз. Адам шошырлықтай мәлімет.
Сонымен қатар ол аталған кәсіпорнының зиянына екінші мысал келтіреді.
Екінші дәлел ТШО қызмет ететін нақты Жылой ауданы облыста 12 ауру бойынша бірінші орында тұр. Екінші орында Атырау қаласының халқы. Себебі Атырау қаласы улы заттар шығаратын ТШО зауыттарынан небары 140 шақырым қашықтықта орналасқан. Облыстағы желдің жылдық басым бағыты оңтүстік шығыстан. Ластағыштар облыс орталығына ауа массалары арқылы теңіздің тегіс бетімен санаулы ақ сағаттарда жетеді – дейді ол.Оның айтуынша біздің елде қолданылатын математикалық сейілу есептері «Эра» бағдардамасымен өтірік жасалады.Келесі жылы ТШО жылда тұз астынан алатын 27 млн тонна мұнайдың орнына 39 млн тонна жоғары күкіртсутекті мұнай өндіріледі.
Одан жергілікті тұрғындарға не пайда? Тек зиян болмақ. Жыл сайын әрбір облыс тұрғынына лақтыратын 110 келіден асатын зияндыларға тағы зор жүк қосылмақ. Мұндай зор экоцидті халықтың денсаулығы көтере алмайды! Осыған орай ТШО қызметінен туындаған қолайсыз экологиялық жағдай үшін Атырау облысының тұрғындарына компенсация жасағаны абзал - дейді ол.Ол бұл мәселені шешу жолын да ұсынды.Оның сөзіне қарағанда қазіргі кезде игерілмеген қаржы жойылып кетеді, яғни келесі жылға есептелмейді.
Кез келген үлкен жоба барлық мүдделі тараптардың мүддесімен санасуы тиіс. Мұны ТШО тіпті тыңдау презентациясында жазып отыр. Шын мәнінде жергілікті жұртшылықтың мүддесі әзірге қанағаттандырылып отырған жоқ. ТШО-дан сұрайтынымыз Атырау облысына таза пайдадан 1 пайыз бөлсін! Басқа бос, тәтті сөздің қажеті жоқ. Жылойлықтар нақты осыны сұраңыздар! – дейді қоғам белсендісі.Arasha.kz
ФОТО: tv7.kz