Қ.Тоқаев: Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі

09.02.2021 Әдебиет
5
Мұқағали Мақатаевтың мерейтойы  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келеді. Қазақстан президенті желідегі парақшасына қазақтың ақиық ақыны туралы жазды. Ақынның 90 жылдық мерейтойын еске салды. «Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды. Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той»,- деп жазды президент.